Заң мен тәртіп – қауіпсіз өмір, жарқын болашақ!
12.10.2026
🎭 "Заң мен тәртіп-қауіпсіз өмір, жарқын болашақ!»
Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Заң, тәртіп және қауіпсіз болашақ тақырыптарын қамтыған театрландырылған қойылымдар фестивалі өтті.
Фестивальге қатысушылар театр өнері арқылы маңызды әлеуметтік тақырыптарды, атап айтқанда, мектептегі буллинг мәселесін, бір-бірін құрметтеуді, әрбір іс-әрекет үшін жауапкершіліктің қажеттілігін және әр адамның құқықтары мен міндеттерін сақтаудың маңыздылығын насихаттады.
🎬 Әр қойылым біздің іс-әрекеттеріміздің басқаларға қалай әсер ететінін, мейірімділік, құрмет көрсету және басқа адамдардың қиыншылықтарына бей-жай қарамаудың қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлануға мүмкіндік берді.
Фестиваль шығармашылық, тәрбие және маңызды өмірлік құндылықтарды біріктіріп, бәрімізге қауіпсіз қоғамның әрқайсымыздан басталатынын еске салды!
👏 Педагогтар мен жас әртістерге дайындығы, шығармашылығы және қазіргі заманның өзекті мәселелеріне деген ұшқыр көзқарастары үшін алғыс айтамыз!
#ЗаңМенТәртіп #